ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№5 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП" КММ

Мектептің сипаттамасын, оқу сапасы, рейтингі және педагогикалық құрамы туралы ақпаратты оқыңыз

Мектеп туралы ақпарат

Атауы:
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№5 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП" КММ
Оқу тілдері:
Қазақша
Меншік нысаны:
Мемлекеттік
Түрі:
Орта
Бейіні:
Бір айлық базалық құны:
тегін
Құрылған жылы:
01.09.1963
Лицензияның нөмірі:
Қосымша жабдықталуы:
бейнебақылау
Телефоны:
+7(71237) 5-07-48
email:
Web-сайт:
muratbaev.edugov.kz mektep _5_ jiloi@mail.ru
Мекенжайы:
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Дүйсенғали Әжіғалиев көшесі, үй 67

Мектеп туралы қосымша ақпарат

ЖАЙМУХАНОВА УЛЖАН ШОКАНОВНА
ЖАЙМУХАНОВА УЛЖАН ШОКАНОВНА
  • Лауазымы: Директор
  • Жасы: 65
  • Негізгі білімі: Жоғары
  • Санаты: Жоғары
  • Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі: 16
  • Басшының жалпы жұмыс өтілі: 16
  • Наградалары және белгілері: Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі
Басшының үндеуі

Білім беру ісінің үздігі Жаймуханова Улжан Шокановна басқаратын №5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектепте қазіргі таңда 51 мұғалім еңбек етіп, 532 оқушы білім алуда. Оның ішінде 36 жоғары білімді, 15 арнаулы орта білімді мұғалімдер . Жоғары санатты 7 мұғалім бірінші санатты 13 мұғалім, екінші санатты 18 мұғалім, 13 санатсыз мұғалім еңбек етуде. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында соңғы үш жылда 44 мұғалім білім жетілдіру курстарынан өтті, соның ішінде 11 мұғалім электронды оқыту курстарынан, 10 мұғалім деңгейлік курстан өтіп отыр. I деңгей бойынша 6 мұғалім, олар: қазақ тілі пәні мұғалімі Тлекова Гүлшат Аймұханқызы, география пәні мұғалімі Бертлеуова Айгүл Хансұлтанқызы, бастауыш сынып мұғалімдері: Қазбаева Алтынай Қабдолқызы, Қорғанбаева Назира Қанапияқызы, Бердімұратова Райма Аманкелдіқызы, Рахметова Гүлдана Толкайқызы. II деңгей бойынша 2 мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі Искакова Әлия Сергоқызы, қазақ тілі пәні мұғалімі Айболатқызы Айнұр, III базалық деңгейді бітірген мұғалімдер: тарих пәні мұғалімі Тлеуғожина Ақгүл Балтабайқызы мен биология пәні мұғалімі Жандарбекова Айнел Құрманбекқызы. Қазіргі таңда бұл мұғалімдер оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін сабақ барысында үнемі қолданып, мектептің білім сапасын арттыруға үлесін қосып келеді. Деңгейлі бағдарламасы аясында екінші негізгі деңгей бағдарламасын бітірген, мектеп тренері, бастауыш сынып мұғалімі Искакова Әлия Сергоқызының өткізуімен мектепшілік «Тәжірибедегі рефлексия» курсынан 15 мұғалім өтіп сертификатталды. Мектеп тренерлері үнемі сенбі сайын өтетін әдістемелік күндері семинарлар, коучинктер, конференциялар, тренингтер өткізіп, мұғалімдермен іс –тәжірибесімен бөлісіп отырады. Химия пәнінің мұғалімі Сәрсен Гүлнар Керешқызы мен информатика пәні бойынша Бертлеуова Гүлжанат Нұрсұлтанқызы қазіргі таңда үш тілділік курстан өтіп жатыр. Мектеп бойынша мұғалімдер жаңартылған мазмұнда білім беру курсынан өтуде. Қазіргі кезде мектеп бойынша 20 мұғалім жаңартылған білім беру курсынан өтіп, жаңартылған білім беру бағдарламасына енген сыныптарда дәріс беруде. Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық, білім беру саласындағы жетістіктері үшін халықаралық энциклопедияларға еніп, конференциялар мен семинарларға, педагогикалық оқуларға қатысып, арнайы төсбелгімен, құрмет грамоталарымен жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталып келеді. Атап айтсақ: тарих және құқықтану пәні мұғалімі, мектеп директоры Тулепова Жұмабике Қошқалиқызын, бастауыш сынып мұғалімі Шайпақова Қансұлу Рахметқызын, бастауыш сынып мұғалімі Қазбаева Алтынай Қабдолқызын, орыс тілі пәні мұғалімі Темірғалиева Жұмажан Ескалиқызын, тарих пәні мұғалімі Тлеуғожина Ақгүл Балтабайқызын, география пәнінің мұғалімі Бертлеуова Айгүл Хансұлтанқызын, бастауыш сынып мұғалімі Биманова Баршагүл Абилкайырқызын, химия пәнінің мұғалімі Сәрсен Гүлнар Керешқызын, қазақ тілі пәні мұғалімі Тлекова Гүлшат Аймұханқызын үлкен мақтанышпен айтуға болады. Сондай-ақ, мектепте жас мұғалімдер мектебі ұйымдастырылған. Әр жас маманға тәлімгерлер бекітіліп, арнайы іс-шаралар жоспарымен сапалы білім беру бағытында көмек көрсетіліп отырады. Қазіргі кезде мектепте 8 жас маман жұмыс жасауда. Бұл мұғалімдердің педагогикалық өтілі аз болғанымен, аудандық байқауларға өздері де, дайындаған оқушылары да қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Оларды атап айтсақ: қазақ тілі пәні мұғалімі Сидықова Гаухар, математика пәні мұғалімі Қызжанова Рысты, география пәні мұғалімі Елемесова Әсем, ағылшын тілі пәні мұғалімі Мақсот Жаннұр, тарих пәні мұғалімі Темірханова Жадыра, технология пәні мұғалімі Жанбырбай Ақмарал. Алдағы уақытта да бұл мұғалімдер мектебімізді биік белестерден көрсетеді деп сенеміз. Қазіргі уақытта мектебімізде 71 оқу озаты, 216 оқу екпіндісі бар соңғы бес жыл бойынша мектеп сапасы төмендегідей көрсеткіш беріп отыр: Мектеп абыройын қорғау мақсатында оқушылар аудандық, облыстық, республикалық білім додаларына қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді, Республикалық олимпиаданың II кезеңінен 2013-2014 жылы 9 оқушы орын алса, оның ішінен 2 оқушы республикалық олимпиаданың I кезңіне өтіп қазақ тілі пәні бойынша Багитова Гүлмира III орынмен, орыс тілі пәні бойынша Бекмағанбет Индира III орын иеленді, 2014-2015 оқу жылында 7 оқушы Республикалық олимпиаданың II кезеіңнен орын алса, информатика пәні бойынша 1 оқушы республикалық олимпиаданың I кезңінен қатысты. 2015-2016 жылы 10 оқушы, 2016-2017 жылы 10 оқушы, 2017-218 жылы 11 оқушы жүлделі орын иеленді. Мектеп оқушылары тәрбиелік, спорттық шараларға белсене қатысып аудандық облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері атанып келеді, өнер, танымдылық шарлар бойынша 2016-2017 оқу жылдар облыстық шарлардан -12 оқушы, республикалық байқаулардан 10 оқушы, халықаралық байқаулардан -3 оқушы, спорттық жарыстардан облыс бойынша 13 оқушы, республикалық байқаулардан 8 оқушы, халықаралық байқаулардан-3 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Еліміздің болашағы жас ұрпаққа, саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында мектеп ұстаздарының тигізер үлесі көп.